7 қарашада кешке қолайсыз ауа райы салдарынан Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, 7 қарашада сағат 18:30-да ауа райының бұзылып, жел, қар, боран және көріністің шектелуіне байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы " автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Компанияның хабарлауынша, жолды 8 қараша күні сағат 8:00-де ашу жоспарланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз