What are you looking for?

Қоғам белсенділері енді "Дарын" сыйлығына үміткер бола алады

12.03.2025

Сыйлықтың " Креативті бастамалар" номинациясы "Қоғамдық қызмет" болып өзгереді.

Қазақстанда "Дарын" сыйлығының номинациялары өзгереді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды.

Атап айтқанда, "Креативті бастамалар" номинациясын "Қоғамдық қызмет" номинациясымен ауыстыру жоспарланып отыр.

"Қоғамдық қызмет азаматтық белсенділікке ықпал етеді. Өз кезегінде, белсенді жастарды қолдау, тану және ынталандыру олардың әрі қарай дамуына және қоғамдық өмірге үлес қосуына ынталандыруға, сондай-ақ басқа жастарға шабыт береді. Қоғамдық қызметке қоршаған ортаны қорғау үшін күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық қорғау қызметі, мұқтаж адамдарға көмектесу, мәдени білім беру, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс, панасыз жануарларды күту және тағы басқа жатады. Қоғамдық қызмет көбінесе ерікті негізде жүзеге асырылады және адамдардың белгілі бір топтарына да, жалпы қоғамға да бағытталуы мүмкін", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.


Оқи отырыңыз: "Дарын" сыйлығы енді 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға берілмек


Еске салайық, "Дарын" сыйлығы Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік мерекелеріне орай (Республика күні – 25 қазан, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз; Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан) табысталады.

Social Link

Follow Me On Social Media