Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов төтенше жағдай орнынан фото жариялап, оның зардаптарын көрсетті. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнында түсірілген фотолар өңір басшысының Instagram-дағы парақшасында жарияланған.
Байханов оқыс оқиға 7 қараша күні сағат 17:10-да Павлодар қаласындағы Казахстанская правда көшесінде орналасқан құрылыс алаңында орын алғанын хабарлады. Әкімшілік ғимаратты жеке мектепке бейімдеу мақсатындағы қайта жаңарту жұмыстары кезінде төбе жабындысының құлау фактісі тіркелген.
Оқиға орнында өңірлік ТЖД күштері жұмылдырылған, құтқару жұмыстарына 20 қызметкер және 6 арнайы техника бірлігі тартылды.
Айта кетейік, бұған дейін құрылыс аумағындағы үйінді астынан ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз