What are you looking for?

Каспий жағалауынан 70-тен аса өлі итбалық табылды

09.11.2025

Каспий жағалауынан 70-тен аса өлі итбалық табылды. Экологтар оқиға орнында болып, тексеру үшін судан сынама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 9 қарашада Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті хабарлады:

"Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары 8 қарашада жергілікті балық инспекциясы басқармасы, сонымен қатар Гидробиология және экология институты мамандарымен бірлесіп, Құлалы аралының теңіз жағалауына экологиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 71 итбалық өлекселері анықталуына байланысты судан сынама алу жұмыстарын жүргізді".

Бұған дейін 2025 жылы 7 қарашада Балық шаруашылығы комитеті мәлімдеме жасап, Каспий теңізіндегі итбалықтар вирустық инфекциядан қырылып жатқанын нақтылаған.

Social Link

Follow Me On Social Media