What are you looking for?

Алматыда өртенген балалар үйіне қатысты тың мәлімет жарияланды

09.11.2025

ТЖМ Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы қайырымдылық балалар үйінің аумағында болған өртке қатысты егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Төрт өрт ошағы анықталды, газ беру жедел тоқтатылды. Өрт сөндіру автосатысы құрылып, ол арқылы өртті сөндіру үшін оқпандар жеткізілді. Автоцистерналар гидранттарға орнатылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің звеносы да жұмыс істеуде, олар ғимарат ішінде барлау және өрт сөндіруді жүзеге асыруда. Жедел штаб құрылды, жағдай тұрақты бақылауда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқиға орнына қаланың барлық қызметі келіп жетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.

Балалар үйінің балалары мешітке орналастырылып, тамақ-сусынмен қамсыздандырылды. Олардың жанында қажетті көмек пен қолдауды көрсетуші ТЖМ мен Апатты медицина орталығының қызметкерлері мен психологтары бар.

Бұған дейін Алматыда Әмина апаның балалар үйі отқа оранғаны хабарланған.

Social Link

Follow Me On Social Media