Алматының Алмалы ауданында Төле би көшесі бойында үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында екінші дәрежелі өрт жарияланғанын хабарлады.
Өрттің жақын тұрған нысанға таралу қаупі бар.
"Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы құрылып, 5 оқпан берілді, үздіксіз су беру ұйымдастырылды", — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.