Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан 1938 жылы салынған ғимарат өртенді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 3 қабатты ғимараттың шатыры жанған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрттің аумағы 1000 шаршы метрді құрады. Жалын толықтай ауыздықталды.