What are you looking for?

Астана, Алматы мен тоғыз облыстағы жедел-іздестіру іс-шаралары: автомат, тапанша, граната тәркіленді

10.11.2025

Қазақстанның бірқатар өңірінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 40 қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қазанда полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

Оның барысында 40 қару-жарақ – жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, сондай-ақ 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі тәркіленген.

ҰҚК өкілдерінің хабарлауынша, көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

"ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастырып жатыр", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media