What are you looking for?

Атырауда боди-массаж маманы өз тұтынушысын өлтірді деген күдікке ілінді

10.11.2025

Атырауда боди-массаж қызметіне жүгінген ер адам кісі қолынан қаза тапты. Марқұм мен массаж жасаушы әйел маманның арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, жеке қабылдау кезінде әйел мен оның 30 жастағы тұтынушысы арасында жанжал туындаған. Өзара түсініспеушіліктің неден туындағаны белгісіз, бірақ жанжалдың ушыққаны сонша әйел адам пышақты қолына алып, ер адамға сілтеген.

Маман оқиға орнына жедел жәрдем қызметін өзі шақырған, бірақ жәбірленушіні құтқару мүмкін болмады. Ол дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған.

"Іс сот өндірісіне алынып, "Кісі өлтіру" бабы бойынша айқындалды", деп нақтылайды Атырау облысы ПД.

Бұған дейін Астанада 2016 жылы орын алған кісі өлтіру қылмысы тоғыз жылдан кейін ДНҚ-технологияларының көмегімен ашылғаны хабарланған.

Social Link

Follow Me On Social Media