What are you looking for?

Белгілі қаламгер Ғалым Доскен дүниеден озды

11.11.2025

Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері, режиссёр-сценарист, медиаменеджер Ғалым Доскен дүниеден озды. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғалым Төлембекұлы – еліміздің мәдениеті мен әдебиетінің, телерадио саласының дамуына, ұлттық журналистиканың қалыптасуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға.

Ол "Ұлан" газетінің бас редакторы, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы қызметтерін атқарып, бірнеше маңызды мәдени жобаларды жүзеге асырған. Соның ішінде "Қазақтың дәстүрлі 1000 әні" мен "Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі" атты антологиялық жинақтардың авторы ретінде ұлттық өнердің баға жетпес мұрасын келер ұрпаққа жеткізді.

Режиссёр әрі сценарист ретінде "Киелі жерлер", "Жоғалған жарық хроникасы" секілді деректі фильмдерді дүниеге әкеліп, қазақ халқының рухани қазынасын кеңінен насихаттады.

"Өмірін сөз өнері мен ұлт мәдениетіне арнаған Ғалым Төлембекұлының жарқын бейнесі мен ұлттық мәдениетімізге сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай!" — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media