What are you looking for?

Алматыда Үндістан азаматын тонап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды

13.11.2025

Алматыда үндістандық туристі тонап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Жағымсыз оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, Үндістан азаматының арызы бойынша Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

«Ұрлық жасағаны күдіктелген адам анықталып, ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ұрланған ұялы телефонды толық, жан-жақты және объективті тексеру мақсатында тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, сондай-ақ телефонның иесіне қайтарылуы қамтамасыз етілуде», – делінген ПД хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media