What are you looking for?

Түркияда бірнеше рет жер сілкінді

13.11.2025

Түркияның Балыкесир провинциясына қарасты Сындыргы ауданында бірнеше жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар мен апаттардың зардаптарын жою басқармасы хабарлады. AFAD деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 07:16, 07:20 және 07:21-де тіркелген.

Олардың ішіндегі ең күштісі 4,7 магнитудалы болған, ал қалған екеуінің қуаты 4,2 балл шамасында.

Сейсмологтар мәліметінше, жер сілкіністерінің ошағы 12,31, 7,89 және 7 шақырым тереңдікте орналасқан.

AFAD таратқан ақпаратқа сәйкес, жер дүмпулері көрші елді мекендерде де сезілген, алайда қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Social Link

Follow Me On Social Media