What are you looking for?

Прокуратураның қадағалауымен Ақтөбеде бюджет шығындары қысқарды

13.11.2025

Ақтөбе облысының прокуратурасы 3,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді.

Бұл қаражат автожолдарды салу мен жөндеу, аумақтарды абаттандыру және басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарға жұмсалуы тиіс болған.

Мысалы, прокуратура Ақтөбе қаласындағы А. Молдағұлова даңғылы бойындағы автожолды орташа жөндеу шартындағы шығындарды негізсіз көбейтуге жол бермеді.

2022 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен "Нұрлы Жол-7" ЖШС арасында жолды орташа жөндеу үшін 1 млрд теңге сомасына келісімшарт жасалған еді. Алайда жобаның сметалық құны қайта есептеліп, шарт сомасы 1,3 млрд теңгеге дейін өскен.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде шарт сомасы 300 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алу мүмкіндігі туды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, прокуратура органдары тұрақты бақылау жүргізіп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media