2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жобаны еліміздің барлық мектептері мен колледждеріне енгізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мамандардың пікірінше, мектептерде балалардың буллинг әрекеттері үшін олардың ата-аналарына әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Мектептердегі психологиялық қызметтер мен мектепішілік есепке алудың бірыңғай қағидалары қабылданады. Бүгінгі таңда 82% есепке алынған балалар проактивті түрде қосымша біліммен қамтылған.
"Қазақстанда бұзақылықпен күрес аясында KiVa бағдарламасы 110 мектепте пилоттық режимде жүзеге асырылуда, ал "DOSBOLLiKe" бұзақылыққа қарсы бағдарламасы әзірленіп, пилоттық жоба 50 мектепте жүргізілуде" — деді Еділ Оспан.