What are you looking for?

Ресейде Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты тексеріс басталды

14.11.2025

Ресей Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Екатерина Биволдың қазақстандықтар мен қырғызстандықтар туралы даулы мәлімдемелері бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Газета.Ru"-ға Ресей ІІМ-нің Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ-пен өзара әрекеттесу басқармасы (УОС) хабарлады.

"Хатта көрсетілген жағдайларға байланысты Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ басты басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр", – деді Ресей ІІМ УОС басшысының орынбасары Евгений Артемов.

Қазан айында Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде автокөліктің ішінде түсірілген видеоролик жариялап, онда қырғызстандықтар мен қазақстандықтарды, соның ішінде ар-намысты қорлайтын сөздермен айтқан.

Бұдан кейін Қырғызстанда оны алдын ала сот тәртібімен қамауға алды, ал Қазақстанда іздеуге беріліп, әйелді экстрадициялау мәселесін қарастыруды жоспарлап отырғаны хабарланды.

Social Link

Follow Me On Social Media