What are you looking for?

Алматыда “жарылыс жасаймын“ деп қорқытқан ер адам ұсталды

14.11.2025

Алматыда танымал қосымшадағы пікірде "жарылыс жасаймын" деп қорқытқан ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаға белгісіз біреу жарылыс жасау туралы пікір жазған. Бұл дерек бойынша 102 пультіне хабарлама түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Осылайша Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел әрекет еткен.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторы анықталды. Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", — деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media