2025 жылғы 14 қарашада Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шара басталар алдында, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.