What are you looking for?

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Күләш Ахметова өмірден озды

14.11.2025

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметова өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері ресми Telegram-каналында "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері Күләш Ахметоваға жазба арнап, оның жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға. Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі, ұлтқа сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы халқының жадында мәңгі сақталады. Өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы жас ұрпақ үшін үлгі болып қала береді. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын", — делінген ресми хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media