What are you looking for?

Швецияда жасөспірімдер 13 жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылмақ

17.11.2025

Үкімет қазан айында тиісті заң жобасын енгізді.

Швеция билігі жасөспірімдер арасында қылмыс санының көбеюіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке 15 емес, 13 жастан бастап тартуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон ауыр қылмыстар үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершіліктің жасын 15-тен 13 жасқа дейін төмендетуді көздейді.

“Стокгольм билігі қылмыстық топтармен байланысты өлімге әкелетін қылмыстардың өсуіне осылай әрекет етіп жатыр. 15 жасқа толмаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындықтан, тергеушілер қылмыстық желілердің атыс пен қару-жарақ сатуға қатысу үшін балаларды көбірек тартатынын анықтады”, – деп жазады басылым.

Social Link

Follow Me On Social Media