Бұдан былай суық су бойынша түбіртектерді қашықтан рәсімдеуге болады.
Бүгін "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны суық су және кәріз қызметтерін тұтынушыларға маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Компанияның мәліметінше, алматылықтар онлайн режимде өз бетімен:
- тұрғын үйде тіркелген адамдардың санын өзгерте алады;
- "Алсеко" түбіртегін баспана иесінің атына рәсімдей алады.
"Барлық әрекеттерді коммуналдық кәсіпорындардың кеңсесіне бармай-ақ, ialma.kz порталы арқылы онлайн жасауға болады", – деп мәлімдеді "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.