What are you looking for?

Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға қайта қойылды

12.03.2025

Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті хабарлады, деп жазады Egemen .kz.

«Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады», деп жазылған комитеттің ресми сайтында.

Айта кетсек, биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді.

Алайда 25 ақпанда өткен аукционда Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын ешкім сатып алмады.

Social Link

Follow Me On Social Media