What are you looking for?

"Ұлымның досы пәтерді тартып алмақ": Арман Дүйсеновтың әйелі перзентінің жұмбақ өлімі туралы айтты

17.11.2025

Қазақстандық танымал композитор Арман Дүйсеновтың әйелі Айсұлу Айданқызы отбасында болған қайғылы жайттардан кейін алғаш рет сұқбат беріп, жан сырын ақтарды. Ол ұлының жұмбақ өлімі туралы айтып, қайғылы жағдайдан кейін тағы қандай қиындыққа тап болғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсұлу Айданқызы жолдасы мен ұлын жерлеп болған соң, басына тағы да қиын жағдай түскенін жеткізді. Отбасындағы орны толмас қазадан кейін келіншек енді әлдекімдер өзінен үйін тартып алмақ екенін айтты.

Сөзінше, марқұм ұлының досы Санжар Мұқаш оған пәтерін босатуын талап етуде. Оған баласының оған қомақты қаржы қарыз болғанын себеп болса керек. Арман Дүйсеновтың әйелі бұл жайында тек перзентінің өлімінен кейін білгенін алға тартты.

"Ұлымды пәтерінен өлі тауып, жедел-жәрдем, полиция қызметкерлерімен жүргенде маған біреу хабарласты. Полиция қызметкерлері "Кім?" деп сұрады. Мен білмейтінімді айттым, олар қоңырауды көтеруімді, бірақ Абылайдың қайтыс болғаны туралы айтпауымды сұрады. Мен қоңырауды көтердім, "Сәлеметсіз бе! Мен Санжармын, Абылайдың досымын. Ұлыңыз қоңырауға жауап бермейді, сізбен сөйлесейін деп едім. Сіз қайдасыз? Сізге келсем бола ма?" деді. Мен "жақсы, келіңіз" дедім. Сөйтіп ол жігіт келеді де, бірден "Абылайдың досымын, мен оған көмектесейін деп ақша бердім" деді. Мен ол жігітті бұрын-соңды көрмегенмін, танымаймын. "Абылай ол ақшаны не үшін сұрады?" дегенімде, "Пәтерді банктен сатып алу үшін 49 млн теңге төледім" деп жауап берді. Сол уақытты тергеуші жанымызға келіп, ол жігітті алып кетті", - деді ол "TalkLike" бағдарламасында.

Айсұлу Айданқызының айтуынша, пәтер өткен жылдың 15 қазанында соттың шешімен тіркеуге алынғанымен, Санжар Мұқаш оны босату туралы сотқа арыз жазған. Оған қоса келіншек пәтердің нақты құны ұлының берешегінен әлдеқайда көп екенін жеткізді.

"Пәтердің нақты бағасы – 140 миллион теңге. Ал Санжар Мұқаш "65 миллион теңге бердім" деп отыр. Сонда "Неге бүтін пәтерді алғың келіп жатыр?" деп сұрағанда, "Маған ақша табу керек" деді. Міне, осылай ашық айтты, еш қысылмады. Абылайдың қырық күні өтпей жатып, достары арқылы "40 күн өтсін, сосын пәтерді босатсын” деп сәлемдеме айтты", - деді марқұмның жары.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media