Түркістан облысында жеке үйдегі өрттен зардап шеккен үш адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 18 қарашада Жетісай ауданында болған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастаған.
"Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында", — делінген хабарламада.
Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілген. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз