What are you looking for?

Бүгін Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді

19.11.2025

Бұған дейін Түркия президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Зеленскийдің сапарын растаған болатын.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, 19 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы TRT арнасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты мәселелермен қатар Украинадағы қақтығыстың қазіргі жай-күйі мен оны реттеу жолдарын талқылайды. Арнайы назар атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді, соның ішінде Стамбул алаңындағы байланыстарды қайта жандандыру және ықтимал реттеу саммитін өткізуге аударылады.

Social Link

Follow Me On Social Media