What are you looking for?

ДСМ: Тұмау желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін

19.11.2025

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады.

Жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Эпидемиологиялық маусым басынан ЖРВИ-дің 1461 мың жағдайы тіркелді, 2024 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 20%-ға төмендегені байқалады. Басым бөлігі – 66 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп жатыр. Соңғы аптада республикада вирустық инфекциялардың 183 мың жағдайы тіркеліп, өткен эпидемиологиялық маусымның осындай аптасымен салыстырғанда аурушаңдық 16 пайыз артып отыр, – деді ол.

Министрдің сөзінше, биыл аталған вирустардың таралуы жылдағыдан ерте байқалып отыр.

– Эпидмаусым басталғалы бері тұмаудың А типінің (H3N2 — Қазақстанда 2001 жылдан бері Гонконг тұмауы деп аталады), зертханалық расталған 587 жағдайы, оның ішінде А (H1N1) типінің 3 жағдайы тіркелді. Алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 43-ші, 51-ші апталарда, жаңа жылға таман өсу байқалса, биыл ерте анықталып, 41 аптада басталды, яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келіп отыр. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін, – деді Ақмарал Әлназарова.

Social Link

Follow Me On Social Media