What are you looking for?

Қазақстан экономикаға инвестиция ағынын $ 400 млрд-қа дейін арттыруға ниетті

19.11.2025

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Үкімет жүргізіп жатқан белсенді макроэкономикалық саясат ел экономикасына инвестиция ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Вице-премьер бүгінгі таңда Қазақстан экономикасына ЖІӨ-ге 16-17% көлемінде инвестиция тартылатынын айтты.

"Бізге 23-24% инвестиция тарту керек. Егер цифрмен айтатын болсақ, 2029 жылға дейін ештеңе істемесек, онда $280 млрд инвестиция тартамыз, ал бізге $ 400 млрд қажет. Меншіктің барлық нысанын тарта отырып, “Бәйтерек” арқылы жүзеге асыратын проактивті макроэкономикалық саясат — бұл екінші деңгейлі банктер, жеке инвестициялар және т. б., ол бізге жетіспейтін $120 млрд-ты тартуға мүмкіндік береді және бұл бүгінгі таңдағы қажеттілік", - деді Серік Жұманғарин.

Social Link

Follow Me On Social Media