What are you looking for?

Алматыда аялдамада автобустар соқтығысты

20.11.2025

Әлеуметтік желіде Алматыда автбоустың жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат Telegram-дағы Almaty Today арнасында жарияланды. Авторлардың жазуынша, Алматыда автбоус жол апатына ұшыраған. Сондай-ақ жазбада оқиға орында түсірілген фото қоса берілген.

NUR.KZ тілшісі жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды білу үшін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

"Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан №69-автобустың жүргізушісі Назарбаев даңғылының шығыс жағындағы аялдамада тұрған № 208-бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Салдарынан № 69-бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр", — деп хабарлады полициядан.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media