What are you looking for?

Алматыда екі автобус соқтығыcты

20.11.2025

Зардап шеккендер бар.

Алматының Медеу ауданында қоғамдық көліктер жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан №69 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Social Link

Follow Me On Social Media