What are you looking for?

Нұрбек Мұрсал бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

20.11.2025

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Нұрбек шешуші жекпе-жекте үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мұрсал Әлем кубогын күміс медальмен аяқтады.

Бұған дейін семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media