What are you looking for?

Ризабек Айтмұхан ширек финалда

21.11.2025

Бүгін еркін күрес балуандары жарыс жолына шықты.

Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Ризабек Айтмұхан (97 кг) алғашқы кездесуінде мысырлық Мохамед Салахеддинді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Жартылай финалда балуанымыз Париж олимпиадасының қола жүлдегері Магомедхан Магомедовпен күреседі.

Сондай-ақ тағы бір қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов (74 кг) жартылай финалға шықты. Ол камерундық Монти Мбугу Жак Седрикті 10:0 есебімен жеңді.

Жартылай финал 14:30-да басталады, қарсыласы – ирандық Юнес Эмамичогаеи.

Айта кетейік, 2022 жылы өткен Ислам ойындарында Нұрқожа турнирді 5-орынмен аяқтаған болатын. Енді отандасымыз кем дегенде қола жүлдеден үмітті.

Social Link

Follow Me On Social Media