What are you looking for?

Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

12.03.2025

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облысында құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Олар жалға алынған үйдің аумағында 10 сотық жылыжайда қарасора өсірген.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы — 900 килограмм. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Оқи отырыңыз: 2 млрд теңге жымқырылған: Сот сараптамасы орталығының басшылары ұсталды


"2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 келі синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 келі гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Social Link

Follow Me On Social Media