What are you looking for?

Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты

21.11.2025

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Social Link

Follow Me On Social Media