What are you looking for?

Түрікменстан президенті 24-25 қарашада Астанаға келеді

21.11.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы хабарламасында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келген болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media