What are you looking for?

Қазақстан қалаларының бірінде барлық мектеп қашықтан оқуға көшті

26.11.2025

Қостанай қаласында тұмаудың өршуіне байланысты барлық мектеп онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ Қарабалық, Алтынсарин, Қамысты, Қостанай аудандарындағы 10 білім нысаны толық қашықтан оқытып жатыр. Апта соңына дейін эпидахуал тұрақтанбаса, балаларға мектепке келуге шектеу қою жалғасады.

Өңірде соңғы аптада барлығы 10 мыңнан аса вирустық инфекция дерегі тіркелген. Көрсеткіш шамамен екі есе өсіп отыр. Сырқаттанушылардың 60 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.

"Қостанайда барлық мектеп 28 қараша жұмаға дейін қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Оның әрі қарай ұзартылуы немесе балалардың мектепке оралуы сол күнгі жағдайға байланысты болмақ. Онлайн оқуда жекелеген сыныптар қалдырылуы мүмкін. Ал аудандарда мектеп әкімшілігі өздері шешеді", — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Анна Лазарева.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media