ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 26 қараша Астана уақытымен 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер Жетісу облысы Сарыөзек а. 2 б. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.