What are you looking for?

Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді

26.11.2025

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бүгін, 26 қарашада Астана уақытымен 07:15-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеулер институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінуін тіркеді.

Министрліктің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 2 балл шамасында сезілген.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.


Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісі кезінде ескерту жібермеген шенеуніктер сотталды


Social Link

Follow Me On Social Media