What are you looking for?

"Қайрат" "Копенгагенге" есе жіберді

26.11.2025

Дастан Сәтпаев — Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ баласы.

Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында Данияның "Копенгаген" клубы алматылық "Қайратты" қабылдады. Кездесу Копенгаген қаласындағы "Паркен" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Ойынның есебін алғашқы болып алаң иелері ашты. 26-минутта Виктор Дадасон командасын алға шығарды. 59-минутта Джордан Ларссон пенальтиді дәл орындап, есепті еселей түсті. 73-минутта Роберт есепті 3:0-ге жеткізді.

81-минутта Дастан Сәтпаев қақпашының қателігін пайдаланып, гол соқты. 90-минутта Олжас Байбек есеп айырмасын қысқартты. Алайда алматылық клуб есепті теңестіре алмады. Бұл "Қайраттың" төртінші жеңілісі болды. Ал, "Копенгаген" алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, алматылық ұжым келесі матчты 9 желтоқсан 20:30-да Астана-Арена стадионында "Олимпиакосқа" қарсы өткізеді.

Social Link

Follow Me On Social Media