What are you looking for?

Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналисттің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты

27.11.2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Диля Ибрагимованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра отырып, көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы "Хабар" және "КТК" телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты. Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!", делінген министрліктің көңіл айту хабарламасында.

Бұған дейін отандық журналистика өкілі және спорт жаңалықтарының тележүргізушісі Диля Ибрагимованың дүниеден озғанын, оның бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күрескені хабарланған.

Social Link

Follow Me On Social Media