What are you looking for?

Президент бүгін ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйлейді

28.11.2025

Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог платформасы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы жиынға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады», делінген хабарламада.

Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған.

Social Link

Follow Me On Social Media