What are you looking for?

ІІМ прекурсорлардың заңды айналымын бақылауды күшейтті

01.12.2025

Мысалы, сот шешімімен Балқаш қаласындағы ұйымның лицензиясы тоқтатылды.

Барлығы 981 ұйым тексерілді. 421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында елімізде "Дәрмек" іс-шарасын өткізеді. Барлығы 981 ұйым тексерілді. 421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Тексеру барысында кәсіпорын басшыларына ескерту жасалды. Соған қарамастан, кемшіліктер анықталып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media