What are you looking for?

Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

01.12.2025

Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комиттің мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Каирдегі әлем біріншілігінде +68 кг салмақта сынға түскен.

Финалда ол Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасып, тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы басым түскен.

"Осыған қарамастан Софья қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді", — делінген хабарламада.

Қазақстан командасы Мысырдағы бәсекені 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтаған.

27-рет өткен әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында кумите бағдарламасында 8 спортшы (4 ер, 4 әйел) сынға түскен.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media