Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласындағы балалар алаңында кішкентай баланы тепкен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай балаға қол көтерген сәті бейнеленген видео кеңінен таралып жатыр.
Аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
"Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Полицияның ұстанымы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз