1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары бозкілемге шықты.
Алғашқы медальдар 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі салмақ сарапқа салынады.
Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстар Almaty Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.
Еліміздің әр өңірінен 1000-ға жуық балуан қатысып, үш стиль бойынша жеңімпаздар анықталады.
Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынға ие болғандардан Қазақстан құрамасы жасақталады, спортшыларға 2026 жылғы Азия чемпионатына және халықаралық додаларға жол ашылады.