What are you looking for?

Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

01.12.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты.

Айта кетейік, Шри-Ланкада "Дитва" тропикалық циклоны болып, салдарынан 334 адам қаза тауып, тағы 400-ге жуығы хабар-ошарсыз кетті.

Қазіргі уақытта Шри-Ланкада жаңбыр тоқтаса да, кейбір аймақтар әлі де су астында қалып отыр. Мыңдаған үйлер зақымданып, жолдарды су шайып кетті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media