What are you looking for?

"Ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған": Астанада блогер ұсталып, полицияға жеткізілді

02.12.2025

Астанада желіде тараған даулы видеодан кейін блогер ұсталды, деп хабарлайды елордалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Поицияның мәліметінше, интернет-кеңістігінде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан видеосы тараған.

Бұл факті бойынша әкімшілік іс қозғалған. Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

"Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

Азаматтарды контент жариялауда жауапкершілік танытуға, басқа да адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз", — делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media