Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді жалға берілетін электрсамокаттар көлік құралы санатына ресми түрде қосылып, оларды жүргізу үшін міндетті сақтандыру және арнайы тіркеу нөмірі қажет болады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Мәжіліс қылмыстың алдын алу мәселелеріне қатысты түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бұл өзгерістер жол қозғалысына қатысушыларды, соның ішінде балаларды қорғауға бағытталған. «Жалға берілетін электрсамокаттар міндетті сақтандыру және тіркеу нөмірі болуы тиіс көлік құралдарының қатарына енгізіледі. Осындай талаптарсыз жол қозғалысына қатысу заңсыз болады», — деді депутат. Депутаттың түсіндіруінше: Ал парктерде, веложолақтарда кез келген жастағы адамдар арнайы құқықсыз мініп өте алады. Бірақ: Депутаттың айтуынша, самокаттарды жалға беретін компаниялар:
әр самокатқа жылдамдықты өлшейтін арнайы модуль орнатуы керек.
Талапты бұзған шағын және орта бизнеске:
- 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл,
- қайталанса — 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл салынады.
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёханың айтуынша, әр электрсамокатқа компанияға тиесілі арнайы танылатын нөмір беріледі.
«Бұл мемлекеттік нөмір емес, бірақ оқылатын және танылатын нұсқа болады. Егер самокатпен байланысты құқықбұзушылық немесе ЖКО болса, куәгерлер нөмір арқылы анықтай алады. Барлық самокаттар міндетті түрде сақтандырылуы тиіс», — деді Лепёха.
Жаңа нормалардың мақсаты — жол қауіпсіздігін арттыру, жауапкершілікті күшейту және электросамокаттарды реттеу.