What are you looking for?

Алматыдағы жер сілкінісі: әкімдік өкілдері мәлімдеме жасады

04.12.2025

Бүгін, 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінісі тіркелді. ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген. Дегенмен қала аумағы мен өзен арналары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай аумағында болған жер дүмпуі салдарынан Алматыда сезілген же сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Десе де әкімдік өкілдері қала аумағын аралап тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 13:10-дағы жағдай бойынша полиция департаментінің патрульдік көліктері мен өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы техникалары қала аумағын аралап тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Гидробекет бақылаушылары және инженерлік-техникалық мамандар алгоритмге сәйкес өзен арналарын және нысандарын тексеруді жалғастыруда.

ТЖМ-нің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналарының, гидротехникалық құрылымдардың, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар аймақтарды бақылауға алған.

Сонымен қатар қаладағы инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны-зақымданбағанын анықтау үшін визуалды тексеріс қолға алынды. Қазіргі уақытта аталған нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media