What are you looking for?

Сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты маңызды үндеу жасады

04.12.2025

Алматыда қатты жер сілкіністері күтілмейді.


Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те Қытайдың аумағында жер сілкінісі тіркелді. Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамды полигоны аумағында MSK-64 шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", – деді Ерік Әліпұлы.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда жер сілкінгенін жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media