What are you looking for?

Петропавлда интернет тартпақ болған жұмысшы биіктен құлап, мерт болды

05.12.2025

Петропавлда монтаж жұмыстары кезінде көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 2025 жылғы 5 желтоқсанда болған. Жұмысшылардың бірі — 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 1994 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

"Осы дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, — делінген хабарламада.

Екі жұмысшы интернет тартпақ болған екен.

Social Link

Follow Me On Social Media