Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, түнгі уақытта қала көшелерінде жүйткіп, жол қозғалысына қауіп төндірген 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдердің әрекеті ЖБО камераларына түсіп қалды.
Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді.
Жастар ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, — делінген мәліметте.
Қолданыс талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді.